USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі тоғыз айда 4,9 пайызға артты

Оңтүстік Қазақстан облысында тоғыз айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,9 пайызға артып, 574,2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Өнім көлемі негізінен тамақ (104,5 пайыз), мұнай өңдеу (117,5), фармацевтика (127,3), өзге металл емес минералды өнімдер (115,4) мен металлургия өндірісі (107,4) есебінен өсіп отыр.

Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 319,6 млрд. теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 150,3 млрд. тг, егін шаруашылығында - 168,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3 млрд. теңгені құрап, 385,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артты.

Ал 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2015 жылдың тиісті кезеңіне 82,4 пайызды құрады.

Сондай-ақ, ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. Айқындалған 83 индикаторлардың ішінде 11-і биылғы жылдан бастап, алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген Меморандумның индикаторлары болып табылады. Жыл соңына дейін белгіленген индикаторларға қол жеткізілетін болады.

Айта кетейік, 2015 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім бойынша республикада тұрақты 5 орында орналасқан.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады