BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Мұнай бағасы төмендеді

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррелі үшін 5,46 долларға арзандап, 73,4 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бір баррелі 3,73 долларға түсіп, 70,38 доллар болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер