BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін – Morgan Stanley

Америкалық Morgan Stanley банкі Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90 долларға дейін баруы мүмкін екенін болжады. Бұл туралы LS басылымы ресейлік Коммерсант-қа сілтеме жасап жазады.

Болжам бойынша мұнайдың қымбаттауына кеме дизеліне қойылатын талаптардың өзгеруі себеп болмақ.

«Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) кеме жанармайы құрамындағы күкірттің максимум мөлшерін 3,5%-дан 0,5%-ға төмендетуді талап етіп отыр. Бұл ауаны ластаумен күрес мақсатында қолға алынған шара. Жаңа тәртіп 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі тиіс» делінген ұйымның хабарламасында.

Осылайша Morgan Stanley сарапшылары жаңа тәртіптің нәтижесінде кей дизельдерге, оның ішінде кеме дизеліне сұраныс өсіп, бұл жалпы мұнай бағасының көтерілуіне себеп болады деп есептейді.

Мұның алдында Bank of America Corp. мұнай 100 долларға дейін қымбаттауы ықтимал екенін болжаған болатын.

The Ice мәліметі бойынша, 17 мамырда Brent маркалы мұнайдың баррелі $79,39-ға жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер