USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Михай Варга: Қазақстан – Венгрияның маңызды стратегиялық серіктесі

Фото: Азамат ӘЛИЕВ

Қазақ елі – Венгрияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Себебі, Қазақстан – Еуропа пен Азияның арасын жалғайтын көпір. Бұл туралы Қазақстан-Мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық 5-отырыста Венгрияның ұлттық экономика министрі Михай Варга мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан – Венгрияның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі. Себебі, Қазақ елі – Еуропа пен Азияның арасын жалғастырушы көпір. Сондықтан Венгрия Қазақстанның мүмкіндіктеріне қызығушылықпен қарайды. Еуроодақпен де байланысын үзбейді. Біз екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын қолдаймыз. Елдеріңізді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз. Венгриялық кәсіпкерлер қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге дайын», - деді министр

Сонымен қатар, Михай Варга Венгрияның алдағы жылы ЭКПО-2015 халықаралық көрмесіне қатысатындығын тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес форумы өткен болатын. Бизнес форумда 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 80 млн долларға жеткендігі мәлім болды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады