BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Медициналық сақтандыру қорына бір айда 8,64 млрд теңге жарна түсті

Астана, BAQ.KZ. Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жетті.

«Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі» - делінген хабарламада.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

«Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген» - дейді мамандар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер