USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Линц қаласында Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесі өтіп жатыр

Австрияның Линц қаласында осы елдің Hessen Platz жоғарғы палатасында Қазақстан – Австрия іскерлік кеңесі өтіп жатыр. Жиынға Кеңестің тең төрағалары Мейрам Пшембаев пен Рихард Шенц қатысуда.

Кеңес отырысына машина жасау, астық өнеркәсібі, мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қаржы, инвестиция, туризм саласындағы қазақстандық және австриялық компания өкілдері қатысуда.

Кездесуде тараптар екі елдің инвестициялық ахуалы мен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.

Сапар аясында қазақстандық бизнес делегациясы австриялық бизнестің экспорттық мүмкіндігі көрмесіне қатысты. Шарада біздің делегация қазақстандық индустрия мен қазақстандық экспорттың халықаралық қызметі туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды: салық салу, визалық қолдау. Қазақстандық компаниялар келесі бағыттарда жұмыс істеуді ұсынды:

✓баламалы энергетика, трансформаторларды өндіру және экспорттау, «Alageum Electric» АҚ – AVL, VA Intertrading AG.

✓ мұнай-газ қондырғысы, «Казахсельмаш Корпорациясы» ЖШС– SONNEK;

✓аппараттық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар, Қазақстандық автоматтандыру мен робототехниканың қауымдастығы – S&T AG, Fabasoft AG;

✓ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, «МАШЗАВОД №1» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ–PÖTTINGER$;

✓жаңа материалдар, «Алматылық бояулар» ЖШС - Rembrandtin;

✓компрессорлық қондырғы, «Казкомпрессормаш» ЖШС– LMF.

Сондай-ақ, Іскерлік кеңес отырысында Жоғарғы Австрия Федералды жері мен Павлодар облысы арасында ынтымақтастық туралы келісім орнатылды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады