BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Қытай әуекомпаниясы Qazaq Air үлесін сатып алуы мүмкін

Фото: QAZAQ AIR

Qazaq Air әуекомпаниясы мен China Express Airlines арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қазақстандық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары барысында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок пен China Express Airlines Co., Ltd. басқарма төрағасы Лунцзян Ву арасында халықаралық аймақтық жолаушылар тасымалдауды дамыту туралы стратегиялық ынтымақтастық сұрақтарында түсіністік орнату жөнінде Меморандумға қол қойылып, China Express Airlines-тың Qazaq Air жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізді.

«Қол қойылған меморандум шеңберінде екі аймақтық әуекомпания трансшекаралық жолаушылар легімен алмасып, біздің компаниямыздың дамуына септігін тигізетін China Express Airlines тарапынан тікелей қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылды» – деп атап кетті Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Сонымен қатар, меморандум қазақстандық әуетасымалдаушыға Қытайдың аймақтық жолаушылар легімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретініне кәміл сенетінін жеткізді.

Өз кезегінде, Лунцзян Ву «Бір белбеу, бір жол» атты қазақ-қытай аймақтық ынтымақтастық бастамасы аясында қол қойылған құжаттың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Qazaq Air мен China Express Airlines серіктестігі, сауда-экономикалық ара-қатынастың күшеуіне септігін тігізіп, көршілес елдердің ынтықтастығын кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Qazaq Air 100% акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі, Қазақстанның аймақтық бағыттарында қызмет көрсететін әуекомпаниясы. Ал, China Express Airlines қыттай әуекомпаниясы (Huaxia Airlines атымен танымал) 2006 құрылып, Қытайдағы алғаш жекеменшік аймақтық компаниясы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер