BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қытайдағы қазақстандық бизнес-миссияға өтініштер қабылдануда

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы отандық компанияларды Сиань қаласына (Қытай), өткізілуі 2018 жылғы қыркүйектің 22-і мен 25-і аралығына жоспарланған сауда-экономикалық миссияға (СЭМ) қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Миссияны өткізу географиясы экспортты ілгерілету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде компаниялар мен кәсіпкерлерден жиналған өтінімдер негізінде айқындалды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар үшін тікелей байланыс орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынасын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, СЭМ-ге қатысуға арналған өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Бұл шараға қатысу үшін мына сілтемеден өтіп өтініш қалдыруға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Нұрсұлтан Нұрабаевқа хабарласуға болады: тел.: +7 (7172) 279 054 (ішкі 221), e-mail:n.nurabayev@atameken.kz.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер