BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қырғызстан қазақстандық «БТА банкке» 75 млн долларды қайтармайтын болды

Бұл туралы Қырғыз Республикасы үкіметі аппаратының баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда екі жақты мәмілеге келген себепті Қырғызстан қазақстандық банкке қарызын қайтармайтын болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2011 жылы "Тұран Әлем Банкі" халықаралық инвестициялық арбитражға арыз беріп, қырғыз үкіметінің өкілдері мен басқа да тұлғалар еншілес банк акцияларының 71%-ын заңсыз жекешелендіріп алды деп айыптаған болатын.

Банктің пайымдауынша, екі елдің үкіметтері арасындағы келісім бұзылыпты, сол үшін 75 миллион доллар қаражат талап еткен.

Бейбіт мәмілеге келуіне байланысты Қырғызстан ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды, өтемақыны да төлемейді. "Тұран Әлем Банкі" Қырғызстан үкіметі жанындағы мемлекеттік мүлікті басқару қорынан еншілес банк акцияларының 7,7%-ын сатып алатын болды.

2018 жылғы наурыз айында Қырғыз Үкіметі мен "БТА банк" жоғарыда аталған мәселені бейбіт жолмен шешіп, абритаждық өсім тоқтатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер