USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Қ.Бишімбаев алькоголь мен темекі бағасы кезең-кезеңмен қымбаттайтынын айтты

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Осы заң жобасына сәйкес, министр алькоголь мен темекі акциздерінің құны белгіленетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алькоголь өнімдерін экспорттау кезінде отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін денатуратталмаған этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылып отыр. Мұндай тәжірибе Ресей мен Беларусь елдерінде бар», - дейді Қ.Бишімбаев.

Қазіргі кезде 1 литр алькоголь өнімінің қолданыстағы акциз құны 1380 теңге болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2000 теңгеге өседі. Ал 2018 жылы 2275 теңгеге, 2019 жылы 2550 теңгеге дейін жетеді. Темекінің 1000 данасына салынатын акциз салығы 2017 жылы 5000-нан 6200 теңгеге дейін артады. Ал 2017 жылы 7500 теңгеге, 2018 жылы 8700 теңгеге дейін жетпек.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады