USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Қазақстанға бренд автокөлік керек емес – «ҚазАвтоПром» басшысы

Елімізге өзінің жеке бренді керек емес. Бұл көп шығынды қажет етеді. Шетелдік көліктердің құрастырылғаны да жеткілікті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық автокөлік саласы жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоПром» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстанға өзінің жеке бренді керек емес. 17 млн халқы бар нарықта жақсы уақыттың өзінде 163 000 автокөлік сатылған болатын. Ал нарық 3 млрд АҚШ долларына негізделген. Бізде ресурс та, адами капитал да, қаржы да, нарықтық мүмкіндіктер де жоқ», - деп жауап берді төраға журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар, Олег Алферов Қазақстанды Канададан үлгі алуға шақырды. Оның айтуынша, аталған мемлекет өзінің жеке бренді болмаса да, әлемдегі үздік автоөндірушілердің қатарына кіреді.

«Бұл мемлекет – әлемде құрастырылған автокөліктерді жеткізу бойынша үздіктер қатарында. Сіздер бір канадалық брендті білесіздер ме? Ол болуы мүмкін. Бірақ, олар (канадалық машина жасайтын зауыт –ред.) бұрын да жұмысын тоқтатқан. Канадалықтар бұл мәселе жайында қысылмайды. Оларда инженерлік кадрлар да, инвестиция да жеткілікті. Канада алдына ондай мақсат қойып отырған жоқ»,- деді басшы.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоПром» ЗТБ Басқарма төрағасы отандық машиналардың Орталық Азияға сатыла бастағандығын атап өтті. Алайда, кейбір елдерге қатысты шешімін таппаған мәселелер бар.

«Алдағы уақытта отандық көліктер Ресейге жеткізіле бастайды. Тек бұл жерде әкімшілік кедергілер бар. Менің ойымша, аталған мәселе шешімін табады. Ол жақта инфраструктура дайын. Көлік жеткізуде проблемалар туындаған жоқ. Бірақ, көліктер шекарадан өткен соң, олардың бағасы өседі. Мәселе осы жерде», - деді Олег Алферов.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады