USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қазақстандықтар жиі сатып алатын көлік анықталды

Қазақстандықтардың басым бөлігі Lada, Toyoto, Renault маркалы машиналарды таңдайды. Бірақ, көш басында Lada компаниясы тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық автокөлік саласы жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоПром» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Биылғы 9 ай ішінде республикада 6 086 Lada автокөлігі сатылды. Ал танымал модельдер рейтингінің көшбасында Lada Priora тұр.

«Қазақстандықтар арасында ең танымал маркалар – Lada, Toyoto, Renault. Танымал модельдер рейтингінің көшін Lada Priora бастап тұр. Яғни, 2 237 бірлік автокөлік сатылды. Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында Renault Duster (1 394 бірлік), Hyundai Accent (1 261 бірлік), Volkswagen Polo (1 236 бірлік) сұранысқа ие», - деді ол.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы еліміздегі көлік ең көп сатылатын өңірлерді атады.

«Ең көп сатып алушылар – Алматыда (9 281 бірлік), Астана (5 333 бірлік) мен Атырауда (2 234 бірлік) тіркелді. Кейінгі орындарда – Өскемен (1656 бірлік), Қарағанды (1623 бірлік), Шымкент (1573 бірлік), Ақтау (1370 бірлік), Қостанай (1368 бірлік), Орал (1320) және Ақтөбе (1196 бірлік) тұр», - деді ол.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады