USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Елімізде тоғыз айда 30,8 мың көлік сатылған

Фото: autopremium-tver.ru

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар 569 млн долларға 30,8 мың жаңа жеңіл автокөлік сатып алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық автокөлік саласы жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоПром» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ресми диллерлер 30 759 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 59%-ға төмен (74 911 бірлік). Яғни, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында қазақстандықтар 569 млн АҚШ долларына 30,8 мың жаңа жеңіл көлік сатып алды. Автокөлік нарығындағы сатылымның 76%-ы импорттың үлесіне тиесілі. Ал 7 154 сатып алушы, яғни қазақстандықтардың 24%-ы автокөлік құрастырушы зауыттардың өнімін таңдады», - деді төраға.

Олег Алферовтың айтуынша, елімізде көлік сату көрсеткіші 60 пайызға төмендеген.

«Өткен жылмен салыстырғанда, көлік сату 8 129 бірліктен 3 207 бірлікке дейін қысқарды. Яғни көлік сату 60%-ға төмендеді», - деп түйіндеді сөзін басшы.

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:47
Алматыда алаяқ емші ұсталды
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады