BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Қазақстандық мұнай қымбаттады

2018 жылдың ақпан айында қазақстандық мұнай бағасы 1,4% өсіп, тоннасына 51,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылдың қаңтарында оның құны тоннасына 50,8 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері мұнай бағасы 5,1% өсті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ақпан айында Қызылорда мұнайының бағасы ең қымбат болды. Осы өңірдегі шикізаттың көлемі шамамен 73,1 мың теңгеге бағаланды (бір айдағы өсім - 12%).

Сондай-ақ, Ақтөбе мұнайының бағасы бір айда - 5,1% (тоннасына 57 мың теңге), Маңғыстау облысында 2,9% (тоннасына 48,1 мың теңгеге дейін) көтерілді, ал Атырауда 1,5% (тоннасына 48,9 мың теңгеге дейін) төмендеді.

Сонымен қатар, өткен айда бензиннің тоннасы 148,1 мың теңгені құрап, 2,8% қымбаттады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер