BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда венчурлық қаржыландыру жүйесі үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ

Фото: Forbes.kz

2018 жылы 9 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев венчурлік қаржыландыру туралы заңға қол қойды. Заңда жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған бірқатар жаңа талаптар енгізілген. Бұл еліміздегі венчурлық қаржыландыру жүйесінің дамуына оң серпін бермек, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған заңды «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен ҚР Инвестициялар және даму Министрлігімен бірлесіп әзірлеген.

Аталған құжат елімізде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың дамуына,

әрі венчурлық қаржыландыру нарығындағы инвестициялық жанжалдарды оңтайлы шешуге, жаңа жұмыс орындары ашуға және шетелден инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Ең алдымен, заң жаңа түсінікті енгізуді және венчурлық қорлардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін анықтауды көздейді. Осылайша, венчурлық қорға, венчурлық қаржыландыруға және венчурлық басқарушыға заң жүзінде анықтама беріледі. «Венчурлық қор» ұғымы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерінің бірі ретінде анықталады. Бұл қазақстандық инвесторларға және инноваторларға отандық юрисдикциядағы мәмілелерді құруға мүмкіндік береді. Бұл инвестициялар мен инновациялардың шетелге кетуіне жол бермейді», - делінген Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда ЭЫДҰ елдерінде жеке венчурлық капитал инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болып саналады. Осы орайда аталған заң жобасы инвесторларды қолдау тетіктері енгізілген.

«Қабылданған заңда венчурлық инвестициялар жоғары тәуекелдермен байланысты екенін ескере отырып, венчурлік қорлар қаржыландыратын инновациялық жобаларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тәсілдері өзгерді. Яғни мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызиметі барысында мемлекет қаржыландыратын венчурлық қор жобаларының барлық портфелінің нәтижелері ескеріледі. Осылайша, жеке инвесторлар тәуекелді жобаларды сенімді түрде инвестициялау мүмкіндігіне ие болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Елбасы қол қойған заңда серіктестікке қатысушылардың құқықтарын іске асыру туралы түсінік енгізілген.

«Бұл серіктестер арасында келісілген «ережелерді» бекіту, оның ішінде бизнеске «кіру» және «шығу» шарттары, әрі корпоративтік жанжалдардың тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Келісім қатысушыларға өз құқықтарын мүмкіндігінше қорғауға, серіктестіктің құрылтай шартында реттелмейтін аспектілерді реттеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, аталған заңның қабылдануы жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандырып, инновациялық белсенді кәсіпорындардың дамуына жол ашады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер