BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Қазақстанда шығарылған көліктер сапалы – шетелдік кәсіпкер

Өскемендегі зауытта шығарылатын «Skoda» автокөліктері сапалы. Себебі, қазақстандық мамандар өз ісіне адал. Бұл туралы Чехияның ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Франтишек Масопут айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен Франтишек Масопут чехиялық кәсіпкерлерге ТМД елдерінде бизнес ашуға, әрі осы мемлекеттердегі кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға көмектесетінін атап өтті. Кейін ол Қазақстан көшелерінен чехиялық машиналарды көргенде қуанып қалатытын айтты.

«Қазақстан көшелерінен чехиялық машиналарды көргенде бір марқайып қаламын. Себебі, бұл – біздің еліміздің өнімі ғой. Қазақстанда «Skoda» автокөліктерін құрастыруға көмектесетін әріптес тапқанымызға бақыттымыз. Қазіргі таңда Өскеменде «Skoda» машинасы шығарылып жатыр. Біз осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі жандандыра береміз», - деді ол Астанада өтіп жатқан «Қазақстан-Чехия өндіріс кооперациясы» атты семинардың кулуарында.

Осы орайда Франтишек Масопут елімізде шығарылатын автокөліктер сапалы екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазақстандық мамандар өз ісіне адал.

«Чехия мен Қазақстанда шығарылатын «Skoda» автокөліктерінің арасында сәл ғана техникалық айырмашылық бар. Бұл – нарықтың талабына байланысты. Қазақстанның табиғаты қатал. Мысалы, Чехияда қыста ең суық градус -19°С. Ал мұндағы суық сүйегіңнен өтіп кетеді. Оны өз басым сезіндім. Осы жағдайларды мамандар машина құрастыруда да ескереді. Мен машинаны шығаратын Өскемендегі зауытта болдым. Ондағы басшылық пен қарапайым жұмысшылардың жұмысқа деген ынтасын өз көзіммен көрдім. Себебі, қазақстандық мамандар өз істеріне адал. Олар машиналарды үлкен жауапкершілікпен құрастырады. Сондықтан Қазақстанда шығарылатын «Skoda» автокөліктері сапалы», - деп түйіндеді сөзін Чехияның ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер