BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қазақстанда ислам қаржыландыру нарығы не себепті дамымай тұр

Фото: poistine.org

Халық үшін исламдық қаржыландыру нарығы дәстүрлі банкинг нарығына қарағанда қымбатырақ. Бұл туралы онлайн-конференция кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«2008 жылы ислам банктерінің жұмыс істеуі үшін қажетті барлық заңнамалық шарттар жасалды. Әзірге бізде бір ислам банкі ғана толық жұмыс істеп тұр, ал екіншісі жұмыс істеу үшін дайындалуда», - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Ислам банктері жүйесіндегі активтерінің үлесі 0,2% -дан аз. Данияр Ақышев Қазақстанда исламдық қаржыландырудың не себепті аса танымал еместігінің бірнеше себебін айтты. Біріншіден, халық ислам банктері ұсынатын қызмет түрлері туралы толық ақпарат білмейді. Екінші, бұл банктердің бөлімше желілері жоқ, сондықтан олардың тұтынушылары көп емес.

«Үшінші мәселе жүйеге қатысты. Дәстүрлі ислам банкі ұсынатын өнімнің пайызы болмағанмен, дәстүрлі банк өнімдеріне қарағанда қымбатырақ болады. Олардың бағалау жолдары басқаша түрде жүзеге асырылатындығы түсінікті. Дегенмен біз есептеп көргенде исламдық жекелей өнімдер біздің халық үшін қымбат болатынына көз жеткіздік», - дейді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру нарығының дамуы Қазақстанда бастапқы кезеңде тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер