BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Қазақстан мен Швейцарияның сауда айналымы 14%-ға артты

Фото: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

Бұл туралы Ақтаудағы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Швейцарияның экономика, білім және зерттеу бөлімінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амман бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Атап өтсек, 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 миллиард доллардан асты. Бұл 2016 жылға қарағанда 14% жоғары. Сол кезеңде Қазақстанға Швейцария экспорты да 14% -ға өсті.

«Швейцария біз үшін Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық және маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара мүдделі салалардағы өзара қарым-қатынас салаларын кеңейтуге деген ұмтылысымыздың тағы бір дәлелі», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Соңғы 12 жылда Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 20 миллиард доллардан асты. Бүгінгі күні Қазақстанда энергетика, көлік, инновация, медицина сияқты салаларда Швейцария капиталының қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Йоxанн Шнайдер-Амманн өзінің сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын және Швейцарияда инновация мен цифрландырудың дамуы туралы айтты.

Өз кезегінде, ҚР Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Қасымбек екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында бірлескен мәлімдемеге қол қойылғаннан кейін ішкі үйлестірудің қосымша рәсімі және Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы бағалы металдарға және олардан жасалған бұйымдарға қатысты белгілерді өзара тану туралы тиісті келісімге қол қойылды.

Сапар барысында Швейцария делегациясы «Порт-Құрық» ЖШС, «Ақтау Теңізі Солтүстік Терминал» ЖШС, «Морпорт Актау» АЭА №1 Субзоны, «Қазақстандық құбырлар трейдерлері» ЖШС (Tenaris) және «Arcelor Mittal Tubular Products» АҚ аралап көрді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер