USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда айналымы 80 млн долларға жетті – Т. Жақсылықов

Фото: Азамат ӘЛИЕВ

Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда айналымы 80 млн долларға жеткен. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан екі ел арасындағы бизнес-форумда ҚР Ұлттық экономка вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда Мажарстан салған капиталдың арқасында 50 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың көпшілігі құрлыс, сауда, өндіріс секторына бағытталған. Екі елдің сауда-экономикалық әріптестігін кеңейту бойынша үлкен потенциал бар. 2015 жылы Қазақстан мен Мажарстанның сауда айналымы 102 млн долларды құрады. Ал биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 80 миллион долларға жетіп отыр. Қазіргі кезде екі ел арасында стратегиялық кеңес, экономикалық әріптестікке байланысты үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сондай-ақ ауылшаруашылығы жобаларын қаржыландыруға байланысты бірлескен қор құрылған. Қазіргі кезде оның көлемі 40 миллион долларға жетіп отыр», – дейді Тимур Жақсылықов.

Форум жұмысы аясында «KAZNEX INVEST» АҰ, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» және PannoPharma LTD арасында зауыт субстанциялар негізінде бірегей дәрі-дәрмектерін өндіруді ұйымдастыру жөніндегі өзара түсінік туралы меморандумға қол қойылды. Одан бөлек «Express» АҚ және «Rail Cargo Hungario» арасында халықаралық интермодальдық тасымалдауды дамыту туралы морандумға, «Абылайхан» компаниялар тобы мен «Лакич» машина жасау компаниясының арасында жел электр станцияларын өндіру және сату туралы келісімге, «Олимп» клинкалық-диагностикалық зертханасы мен «77 Электроника» арасында келісімдерге қол қойылды.
Айта кетейік, Мажарстан 2005 жылдан бері Қазақстанға 103,5 миллион доллар тікелей инвестиция салған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады