BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстан қалаларында алғашқы «жасыл» жобалар жүзеге асырыла бастайды

Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұған дейін жасалған Келісім шеңберінде баспасөз мәжілісі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында министрлік осы Келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге «жасыл» сертификаттар тапсырды.

Баспасөз мәжілісіне «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығмеджан Мақажанов, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының үйлестірушісі Виктория Байгазина, ҚР ИДМ Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен БҰҰДБ сарапшылары және менеджерлері қатысты.

«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» сияқты өзекті жобаларды жүзеге асыру - үлкен және шағын қалалардағы тұрақтылықты сақтап, энерготиімді қала инфрақұрылымына инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанның ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттерді орындап, «жасыл» экономикаға өтуіне де ықпал етеді», - деді төраға орынбасары Н. Мақажанов.

В. Байгазинаның айтуынша, Энергия үнемдейтін жобалар секторында мол өндірістік тәжірибесі бар мамандарды, сондай-ақ қажетті процестерді сынақтан өткізу мен құру және сауатты ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды тарту энергиясын тұтынуды азайтады және булы газдар тарауын қысқартады. Яғни, осындай жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты болып саналады.

«Қала шаруашылығы саласында энергоүнемдеу бағытында еңбек ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру арқылы қолдау көрсетіледі. Яғни инвестиция тарту арқылы булы газ тарауын азайтуға сеп болады. Бұл жоба тек бизнестің дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құнды үлес қосады», - деді Д. Әбілқайыров.

2018 жылдың бірінші тоқсаны соңында Астана және Солтүстік Қазақстан облыстарының ғимараттарында энергия тұтынуды азайтуға бағытталған алғашқы алты жоба мақұлданды.

Жобалардың бірі – «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы. Оның аясында министрлік ғимаратының жарықтандыруын жаңғырту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы/«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жаһандық экологиялық қорының халықаралық жобасы шеңберінде әзірленді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер