BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қаржы министрі сараң болуы керек - Бақыт Сұлтанов

Тура бір апта бұрын Астана қаласының əкімі болып тағайындалған Бақыт Сұлтанов қаржы министрі қандай болу керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Қаржы министрі дана адам болуы керек. Өйткені бүгінгі таңда қойылып отырған талап көп. Елімізді дамыту бойынша мақсаттар да жеткілікті. Сондай-ақ, қаржы министрі салмақты болуы тиіс. Оның бойында жағымсыз қасиет те, сараңдық та болуы қажет. Жəне де, елді қаржылық жағынан өркендетуге жағдай жасау үшін көреген болуы тиіс", - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұған дейін қаржы саласын басқарған қала басшысы Бақыт Сұлтанов министр мен əкім қызметіндегі айырмашылықты атаған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер