BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағанды дәрігерлері Қырғызстаннан келген балалар киімінен у тапты

Фото: BizBe

Қарағандыда балалар киімінен у табылған. Формальдегид Қырғызстанда жасалған жаялықтарда, кеудешелерде жасырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Санитарлық дәрігерлер қаланың барлық ірі сауда орындарын тексеруден өткізді. Зиянды заттар базарлармен қатар дүкендерден де табылған. Олар сатылымнан алынып, сатушыларға 200 миллион теңгеге айыппұл салынды.

«Қырғызстанда жасалған балалар киімінде олардың денсаулығына аса қауіпті формальдегидтің көп мөлшері мен қоса гигроскопиялық және материалды қолданудағы сәйкессіздік кездеседі. Өнімдердің көпшілігі Алматы мен Бішкек базарларынан әкелінген. Формальдегид дегеніміз - у. Ол адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін» деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Юрий Залыгин.

Санитарлық дәрігерлер дүкеннен киім сатып алар кезде сапа сертификатын көрсетуді талап етіп, тауардың құрамы мен таңбалануына назар аударуға кеңес береді. Олардың айтуынша, тіпті киімді иіскеп көрген дұрыс. Себебі, формальдегид түссіз, бірақ иісі өткір болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер