BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

Ішкі нарықты қамтамасыз ететін жанар-жағармайдың 1 айлық қоры бар – вице-министр 

Ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанар-жағармай қалдықтарының көлемі 1 айлық қорды құрайды. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша отын-энергетика саласындағы алдын ала қорытындылары жайында айтсам, мұнай және конденсат өндіру көлемі 22,4 млн тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% артты және осы жылдың тоқсан жоспары 2% артығымен орындалды. Үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 13,5 млн тоннаны құрады. Соның ішінде, Қашағанда 2,9 млн тонна, Теңізде 7,4 млн тонна, Қарашығанақта 3,2 млн тонна мұнай өндірілді. Бірінші тоқсанда 18 млн тонна мұнай экспортталды. Мұнай өңдеу көлемі 3,9 млн тоннаны құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% өсім көрсетті. Осы жылдың тоқсан жоспары 2% артығымен орындалды», - деді Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты 2,8 млн тонна көлемінде мұнай өнімдерін шығарды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 5% артық.

«Жалпы, бірінші тоқсан бойынша мұнай өнімдерінің нарығындағы жағдай тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. Ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанар-жағармай қалдықтарының көлемі 1 айлық қорды құрайды. Бензин 324,2 мың тонна, дизель отыны 334,8 мың тонна болып отыр», - деді вице-министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер