BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Инвесторлар қай металдардан табыс таба алады

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері алтын шамалы қымбаттады, алайда кейбір бағалы металдар керісінше арзандады. Осы ретте, тауар нарығы бойынша сарапшы Оксана Лукичева жыл соңына дейін бағалы активтермен не болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Оның ақпараты бойынша, алтын 2018 жылдың алғашқы бес айында 1,2%-ға қымбаттады. Осы ретте, есепті кезеңде күміс, платина, мыс арзандады. Сарапшы атап өткендей, сауданың қысқамерзімді стратегиясын қолданатын инвесторлар үшін бағаның жоғары құбылмалығы І тоқсанда пайда табуға мүмкіндік берді.

«Ағымдағы жылдың соңында алтынның унциясы үшін орташа бағасы 1400 долларға дейін көтерілуі мүмкін (17 мамырдағы жағдай бойынша – 1292 долл), күміс - 17,3 долларға дейін (17 мамырдағы жағдай бойынша - 16,42 долл). Осы ретте, платина нарығы осал іргелі мәліметтердың қысымының астында қалып отыр, бағасы 930 долл шамасында (17 мамырдағы жағдай бойынша - 894,2долл) қалады», - деп болжам жасады Оксана Лукичева.

Лукичеваның есептеуінше, мыс бағасы да элем экономикасындағы жоғары тәуекелдердің қысымының астында қалып отыр және оның бағасы 7 доллардан аспауыда мүмкін (17 мамырдағы жағдай бойынша – тоннасына 6773 долл).

«Макроэкономикалық және геосаяси тәуекелдердің арту жағдайында алтын мен күміске инвестициялауға басымдық берген жөн. Дәлірек айтқанда металлдардың физикалық инвестициялық үлгісі дұрыс», - деп түйіндеді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың І тоқсанында бағалы металлдарға әлемдік сұраныс 7%-ға немесе 973,5 тоннаға дейін төмендеді. Ол соңғы онжылда ең төмен дейгейде болды.

Айта кетейік, Қазақстан алтын қорының көлемін Ұлыбританиямен салыстырған болатын. 2018 жылдың 1 мамырындағы алтын валюта қоры мемлекеттің халықаралық резервінен 310,1 тоннаға және 42,5%-ға артық екені белгілі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер