BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Ереванда кәсіпкерлерге арналған халықаралық форум өтеді

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерді 2018 жылғы 22 – 24 қазан аралығында Армения астанасы Ереванда өтетін «Еуразиялық апталық» халықаралық форумына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шарада ЕАЭО елдері компанияларының экспорттық және кооперациялық әлеуетін көрсететін көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Еуразиялық апталық» жұмысы алты салаға басымдық береді.

- органикалық ауыл шаруашылығы;

- жоғары технологиялы жеңіл өнеркәсіп;

- құрылыс материалдарын шығару;

- фармацевтика және медициналық жабдық;

- өнеркәсіпке арналған технологиялар (IT, инженерия, аспап жасау және т.б. қоса алғанда);

- зергерлік сала.

Барлық экспоненттерге салалық аумақ шеңберінде 10 ш.м. көлемінде құрал-жабдықтармен жабдықталған жұмыс орны беріледі. «Еуразиялық апталық» форумына қатысу тегін, тек www.eurasianweek ресми сайтына тіркелу қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер