BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Елімізге қай ел ең көп инвестиция құятыны анықталды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында Қазақстанға 12,3 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің дерегі бойынша, 2005 жылдан 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейінгі кезеңде Қазақстанға 277 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартылған. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында 12,3 млрд. доллар шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 15,4%-ға артық" - делінген хабарламада.

ҚР ИДМ Инвестиция комитеті үздік 10 инвестор елдің тізімін жасады. Алғашқы үштікке Нидерланды, АҚШ және Швейцария кіріп отыр.

Сіздердің назарларыңызға барлық тізімді ұсынамыз:

  1. Нидерланды - 81,8 млрд доллар жалпы инвестиция ағынының 29,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 3,8 млрд доллар;
  2. АҚШ - 33,7 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 12,2%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 2,8 млрд доллар;
  3. Швейцария - 21,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 7,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 1,3 млрд доллар;
  4. Қытай - 16,4 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 776,3 млн доллар;
  5. Франция - 14,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,3%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 431,6 млн доллар;
  6. Ұлыбритания - 13,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,7%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 292,9 млн доллар;
  7. Ресей Федерациясы - 12,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,5%-н құрайды, биыл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 821,0 млн доллар;
  8. Виргин аралдары - 10,1 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 1,6%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 85,7 млн доллар;
  9. Бельгия - 7,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 797,5 млн доллар;
  10. Жапония - 5,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,1%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 187,5 млн доллар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер