USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ипотекасын төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі

Жалғыз баспанасының ипотекасын төлей алмай жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қайта қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекасын төлей алмай, банктерге қарыз болып қалған азаматтарға көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама проблеманы шешуге және xалықтың әлеуметтік осал топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - дейді Қ.Бишімбаев.

Айта кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 130,0 млрд теңге бөлді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады