USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Елімізде екінші деңгейлі үй нарығында баға төмендеді

Ұлттық валюта бағамының нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуіне әкелді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Smart Realitor" жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Инна Фролова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазан айында ұлттық валюта бағамы нығайды. Сонымен бірге екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендегені байқалды. Астанада баға бір айдың ішінде 1,5-2 %-ға, Алматыда 2,5 %-ға, өңірлерде 1-1,3 %-ға төмендеді. Ұсыныстар саны сұраныстан екі-үш есеге асып түседі. Себебі, бірінші деңгейлі тұрғын үй нарығы екінші деңгейлі тұрғын үй нарығына айтарлықтай қысым түсіреді. Екінші деңгейлі жылжымайтын мүлікті сатушылар бағаны едәуір төмендетуге мәжбүр болуда», - дейді Инна Фролова.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі ипотекалық несиелендіру көлеміне және нақты кірістердің қысқаруына әсер етіп жатыр.

«Мамыр айында ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені 17-ден 15 пайызға дейін төмендетуі оң өзгерістер болып табылады. Жалпы, 2016 жылдың екінші тоқсанында несие алушылардың төлем қабілеттілігінің төмендеуінен, жоғары несие тәуекелдері мен тартылатын қаражаттың қымбат болуынан банктер несиелендіру саясатын қатаңдатты. Алайда Астана мен Алматы қалаларында сұраныс жоғары болып қалуда. Өйткені жаңа тұрғын үй нарығындағы ұсыныстар көлемінің ұлғаюы, сатып алушыларға таңдауға мүмкіндік береді. Құрылыс салушы компаниялар сатып алушылар үшін бөліп төлеуді, акциялар мен бонустарды ұсына отырып, нарықта үйлесімді шарттар жасауды бастады. Бұл бірінші деңгейлі тұрғын үйге сатып алушылардың қызығушылығын тудырады», - дейді агенттік директоры.

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:47
Алматыда алаяқ емші ұсталды
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады