BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қазақстанда 10 айда құны 120 миллион доллар болатын алтын өндірілді

2017 жылдың 10 айында біз 120 млн долларға жуық алтынды өндірдік. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақстандық өнім жасаймыз» VII форумының баспасөз мәслихатында «Қазақалтын» ТКМК АҚ бас директоры Баламир Маханов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Қазақалтын» компаниясы 3 тонна алтын өндірді. Өнімнің АҚШ валютасына шаққандағы құны – 120 млн долларға жуық», - деді ол.

Осы орайда компания басшысы елімізде өндірілген алтын шетелге экспортталмайтынын атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысына сәйкес, алтынды Қазақстаннан басқа жаққа экспорттауға тыйым салынған. Сондықтан өнімдерімізді «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі Балқаш мыс қорыту зауытына және Астана қаласындағы «Тау-Кен Самұрық» кәсіпорнына жібереміз. Біз шетелге алтынды сатпаймыз», - деді Баламир Маханов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер