BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

Condor қазақстандық кен орнында жұмыс жүргізуді ұзарту туралы істі жеңді

Condor Petroleum Inc (СРІ) канадалық мұнайгаз компаниясы Жарқамыс кен орнында барлау жұмыстарын жүргізу келісімін ұзарту туралы Қазақстанның азаматтық сотын жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі oilfieldtechnology.com сайтына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметі бойынша 2018 жылдың 1 наурызында СРІ компаниясы Жарқамыстағы құрылыс жұмыстарын 630 күнге дейін созу келісімін ұзартуға рұқсат алды. Сот үкімімен бұған дейін орын алған күтпеген жағдай Қазақстанның жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы аясында осы ұзартуға негіз бола алады.

Сонымен қатар, Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық соттың шешіміне шағымданды, енді іс Қазақстанның аппелляциялық сотының қарауына жіберілді. Сот отырысы 2018 жылдың 3 мамырына белгіленген.

Компаниядан атап өтілгендей, істің сотта қаралуы компанияның Шоба (Қазақстан) және Цедудук (Қазақстан) кен орындарындағы өндірістік құқығына әсер етпейді. Олардың әрқайсысы жеке келісіммен реттеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы хабарланғандай, Condor Petroleum қазақстандық алты ұңғымаға 26,5 млн долларды инвестициялауды жоспарлады, оның үшеуі барлау ұңғымасы болып табылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер