BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Аягөзден Шәуешекке теміржол салынуы мүмкін

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы Шәуешек округінің ресми делегациясы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп жазалды altaynews.kz.

Топты ШҰАА Тарбағатай округі партия комитеті хатшысының орынбасары Ян Цзюньшэн бастап келді.

Қытайлықтар Алакөлдің туристік әлеуетімен танысу мақсатында жағалаудағы демалыс базаларында, сондай-ақ, Глубокое ауданындағы Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығына, Ұлан ауданындағы құс фабрикасына, Өскемендегі роботты хирургия орталығына, Үлбі металлургиялық зауытына және өлкетану мұражайына барып, жұмыстарымен танысты.

Бұдан соң делегация облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауында болды. Кездесу барысында тараптар шекаралық сауда аумағын дамыту, Тачэн – Аягөз теміржолын салу, туризмді өркендету, медицина саласында ынтымақтастық орнату сынды мәселелерді талқылады.

Қытай жағы облыстың ауыл шаруашылық өнімдеріне қызығушылық танытып отыр. Өскеменде сертификаттау зертханасы ашылмақ, аталмыш мекеме өнімдерімізді Қытайға көптеп экспорттауға мол мүмкіндіктер туғызатын болады.

«Әріптестіктің ең бір маңызды саласы – туризм. Атап айтсақ, қытайлық азаматтардың Алакөл жағасында демалғанын қалаймыз. Біз Алакөлде болып, табиғатының ерекше сұлулығына, суы мен балшығының емдік қасиеттеріне куә болдық», – деді делегация басшысы.

Кездесу соңында аймақ басшысы облыс делагациясының Тачэн округіне тәжірибе алмасу және танысу мақсатындағы іссапары көзделіп отырғанын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер