USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері қорытындыланды

Кешелі-бері Арқа төсін ән-думанға бөлеп, аста-төк ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелген Оңтүстік Қазақстан облысының елодадағы күндері қорытындыланды. Ауқымды шара аясында аймақ өнерпаздары «Ән шашуым өзіңе, мерейлі Астанам» атты гала-концерт өткізді.

Шуақты Оңтүстік қашанда мазмұнды мәдени бағдарламасымен ерекше. Бұл жолы ондаған театр ұжымының 300-дей танымал таланттары өнер көрсетіп, елге рухани азық сыйлады. Концертті облыс басшысы Жансейіт Түймебаев пен елорда әкімі Әсет Исекешов те тамашалады.

Шара аясында «Нұрын шашқан Оңтүстік» деген атаумен фотокөрме ұйымдастырылды. Оған аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы тыныс-тіршілігі арқау етілді. Сондай-ақ Елбасының ресми сапарларынан сыр шертетін көрнекі құралдар көрсетілді.

Болатбек Төлеген, ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Екі күннің аясында 30-тан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ 300 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін әкеліп, нарықтан төмен бағада жәрмеңке өтті. Осы іс-шара аясында өңірлер аясындағы бірлікті нығайттық деп ойлаймыз.

Айнабек Оспанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Көрме Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Осы 25 жыл көлемінде Елбасы біздің оңтүстікке көптеген сапарлар жасады. Әртүрлі жұмыстар жүргізді. Соның бірі мысалы, 1993 жылы Ордабасыдағы кездесуден басталады. Сонан кейін, спорт әлеміндегі жұлдыздармен жолықты. Содан кейін «Болашақ» бағдарламасы, өндірістік, өнеркәсіптік бағдарламалар бойынша түсірілген суреттер қойылды.

Хабар 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады