BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақышев маусымда теңге бағамының әлсіреу себебін түсіндірді 

Ақышев маусым айында теңге бағамының әлсіреу себебін түсіндірді. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың бірінші жартыжылдығында теңге бағамы 1 доллар үшін 318 теңге 31 тиын және 341 теңге 31 тиын аралығында өзгерді. І жартыжылдықтың соңында теңгенің биржалық бағамы 2,6% әлсіреп, 1доллар үшін 341 теңге 8 тиынды құрады. Теңгенің ағымдағы жылдың маусымында әлсіреуі, біріншіден, АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына, жалпы нығаюына байланысты болып отыр», - деді төраға.

Оның айтуынша, Ресей рублі де біршама әлсіреген.

«Мұнай бағасының 70 доллардан жоғары күйде сақталуы үшін теңгенің айырбастау бағамы үшін жағымды фактор болып табылады. Ұлттық банктің алтын валюта резервтері мамырдың соңында 30,7 млрд доллар, активтер 59,2 млрд доллар болды. Жалпы, халықаралық резервтер жыл басынан бері 1% немесе 826 млн долларға ұлғайып, 89,9% млрд долларды құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер