BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақышев Әзербайжан банкіне қатысты шыққан дауға жауап берді

Астана. BAQ.kz тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзербайжан халықаралық банкіне салынған 250 млн долларға қатысты шыққан дауға пікір білдірді.

Данияр Ақышев бүгінгі таңда аталған мәселеге БЖЗҚ-ның қатысы жоқ екенін айтты.

«Мен ойымша, сіздер жанжал туындағанын қалайтын сияқтысыздар. Қазіргі таңда БЖЗҚ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) аталған банктің инвесторы болып саналмайды. Аталмыш банктің қағаздары Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына ауыстырылды. Яғни біз Әзербайжанның инвесторы болып саналамыз. Сондықтан бүгінде БЖЗҚ-ның аталған банкке (Әзербайжан халықаралық банкіне – автор) еш қатысы жоқ», - деді Ұлттық банк төрағасы Мәжіліс отырысынан шыққан соң журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын БЖЗҚ-ның топ менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар көлемінде инвестиция салған. Кейін Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан аталған қаржыны қайтару бойынша проблема туындаған. Осыған дейін бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қос мемлекет арасында келіссөздер жүргізілгенін айтып, 250 млн доллардың елімізге қалай қайтарылатынын түсіндірген. Ал 2017 жылдың тамызында БЖЗҚ төрағасы келіссөздер барысында аталған банкке салынған қаражат Әзербайжанның бағалы қағаздарына ауыстырылғанын хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер