USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

 2018 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі

2018 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыссыздықпен осылай күреспек.

Қазір пилоттық жоба ретінде «Өрлеу» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Маратовтар отбасы Ақмола облысына қарасты Семеновка ауылына бір жыл бұрын қоныс аударды. Қазір Таңат пен Гүлзерай 8 баланы мәпелеп өсіріп отыр.

Таңат Маратов, «Өрлеу» бағдарламасының қатысушысы:

- Осы кішкентайлардың келешегі жақсы болсын деп, осы жаққа көшіп келдік. 2007 жылы Астана қаласында жұмыс істеп, Семеновка ауылына былтыр көшіп келдік.

Отағасына әуелде тұрақты жұмыс табылмады. Бірақ үй иесі қол қусырып отырмай, бақша егіп, күнін көре бастады. Ал жақында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдікке қызметке тұрды. Енді тұрақты еңбекақысы бар. Бұдан бөлек, ол 100 мың теңгеден астам жәрдемақы алады. Ақшаның басын құрап, таяуда шағын шаруашылық ашты.

Таңат Маратов, «Өрлеу» бағдарламасының қатысушысы:

- Қазір құс асырап отырмыз, Енді мына «Өрлеу» бағдарламасының арқасында қара мал алсақ, сүт болады. Табиғи заттар жесе, халқымызды дені сау болады ғой. Сондықтан малдың басын көбейтіп, жылқы да асыраймыз ба деп отырмыз.

Назкен Мәкенбаева, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша көмекші:

- 2014 жылдан бастап «Өрлеу» бағдарламасы бойынша пилоттық жоба ретінде жұмыс істейміз. Бұл бағдарлама шарты ақшалай көмек ретінде жетімсіз отбасыларға берілетін көмек ақша. Новоишимка селолық округінде отбасылар қазір алып жатыр. Осы күнге дейін 6 отбасы алды.

Бүгінде 30 мыңнан астам адам «Өрлеу» бағдарламасының шарапатын көріп отыр. Бұл - еліміздің 160-тай ауданы мен қала тұрғындары.

Айнұр Әбдірахманова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі департаменті басқармасының бас сарапшысы:

- «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін табысына қарай есептелінетін болады. Бұл жерде көпбалалы отбасылармен ғана шектелмейді. Егер отбасының кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда, төленетін ақшалай көмек. Кем дегенде бір қабілетті отбасы мүшесі болған жағдайда әлеуметтік келісім-шарт жасасу арқылы төленетін шартты ақшалай көмек.

Ал тұрақты табысы бар көпбалалы отбасылар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Осыған қатысты салық кодексіне тиісті түзетулер енгізіліп, бұл норма 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Хабар 24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады