BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Сенат ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылу xаттамасын ратификациялау туралы заң қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы xаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы мақұлданды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл заң жобасын Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды.

«Халықаралық шарттар туралы заңға сәйкес xаттама ратификациялануы тиіс. Хаттамаға қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения Республикасының нормативтері 7,11 %, 85,32 %, 1,11 %-ды құрады. Баждарды бөлу бойынша бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында одақтағы мемлекеттердің басшылары кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады», - деді Тимур Сүлейменов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында.

Ол басшылыққа алынатын төмендегідей қағидаттарды атап өтті.

«Бірінші, ҚР сонымен қатар, Армения Республикасының одақтың бірыңғай кедендік тәртібінен ауытқуларын есепке алмау; екінші, Армения Республикасының нормативтерін алуларды есепке алмай 0,11 %-ға ҚР мен РФ есебінен қайта есептеу. Берілген принциптерді ескере отырып xаттамаға одақ мемлекеттерінің басшылары Армения Республикасы - 1,22 %; Беларусь Республикасы - 4,56 %; Қазақстан Республикасы - 7,055 %; Қырғыз Республикасы - 1,9 %; Ресей Федерациясы - 85,265 % нормативтермен қол қойды. Хаттаманы іске асыру кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу нормативін азайтуға алып келеді», - деді ол.

Тимур Сүлейменов xаттаманы іске асыруға республикалық бюджеттен ықтимал шығындар қарастырылып отырғанын айтты. Бұл сома 2017 жылы 1,8 млрд теңге, 2018 жылы 1,9 млрд теңге, 2019 жылы 2 млрд теңгені құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер