BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Медведев Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Бұл - Жаратушының белгісі

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін Алматыда болған жер сілкінісі мен ЕАЭҚ үкімет басшылары талқылаған тақырыпқа қатысты əзіл айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрметті əріптестер, біз сіздермен бірге барлық құжатқа қол қойдық. Бүгінгі кездесу жылы ахуалда өтті, арасында кішігірім жер сілкінді. Əріптестерім айтпақшы, жер Беларусь Республикасы министрлер кеңесінің нөмірі 666 қаулысын қарап жатқан кезде сілкінді. Бұл барлығымыз үшін - сабақ, ал Беларусь мемлекеті үшін Жаратушының аян беруі», - деді Ресей үкіметінің басшысы.

Медведев, мұнымен қатар, кездесудің достық қарым-қатынасқа негізделгеніне назар аударып, әріптестерін жұмыстың аяқталуымен құттықтады.

Алматы қаласында жер сағат 15:20 (Мәскеу уақытымен 12:20) шамасында сілкінді. Жарақат алғандар немесе ғимараттардың қирауы туралы мәлімет тіркелмеген.

Бүгін 2 ақпанда Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтті, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысты.

Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.

Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі - Д. Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссиянның Алқа Төрағасы Т. Саркисян келді.

Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланды.

Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылады, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатты қабылдау жоспарланған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер