BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстандықтар жуырда ЕАЭО елдерінде жұмыс істей алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев жақын уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ бірыңғай еңбек биржасы құрылатынын мәлімдеді. Жоба іске қосылса қазақстандықтар елімізде ғана емес, еуразиялық кеңістіктің еңбек нарығында жұмыс істей алады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде электронды еңбек биржасы тәжірибесі негізінде Еуразия кеңістігінде бірыңғай онлайн алаң құру көзделіп отыр. Жақын уақытта ЕАЭО елдеріне арналған бірыңғай жұмыс іздеу онлайн алаңы құрылады. Ресеймен, Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Армения арасында еуразиялық экономикалық шарт бар, мұнда еңбек кадрлары одақ елдері ішінде еркін көше алады деп көрсетілген», - деді вице-министрі.

Оның айтуынша, ЕАЭО елдеріне ортақ электронды еңбек биржасы іске қосылса, ел азаматтары одаққа мүше мемлекеттерден жұмыс іздеп таба алады.

«Цифрландыру заманында бірыңғай онлайн алаңымыз болады. Сол кезде азаматтар Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен де жұмыс іздей алады. ЕАЭО-дағы әріптестерімізбен бірге бұл мәселені шешуге жақын қалдық. Жуырда Еуразия кеңістігінде бірыңғай еңбек биржасы құрылатын болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылған электронды еңбек биржасы арқылы 18 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа тұрғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер