BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

ЕАЭО-да ортақ мұнай-газ биржасы жұмыс істейді

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Ортақ мұнай-газ нарығын қалыптастыру туралы тұжырымдама Астанада өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесінде рәсімделді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Осылайша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің арасында тағы бір интеграцияға жол ашылып отыр. Ресми құжатқа сәйкес, 2025 жылға дейін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасуы шарт. Ал сауда-саттық екі жақты келесімшарттар мен биржа арқылы жүргізіледі. Орта нарық аясында шикізатты өндіру, тасымалдау, тұтыну және тағы басқа ақпараттармен ашық түрде алмасу үшін барлық жағдайлар жасалады. Ол үшін одақ елдерінің ұлттық заңнамаларын үндестіру көзделген. Негізгі мақсат – энергетикалық қауіпсіздікті күшейту. Алайда Қазақстан одақтың басқа мүшелері сияқты өзінің ішкі нарығын қорғау шараларын қолға ала алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер