BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ЕАЭО-да үшінші мемлекеттің санкцияларына қарсы ұжымдық шаралар механизмі талқылануда

Фото: ашық дереккөзден

ЕАЭО мүше-елдердің бірінің экономикалық мүддесіне қысым көрсетілген жағдайда үшінші мемлекеттерге қарсы бірлескен экономикалық шаралар енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бүгінде сәйкесінше тапсырманы Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей, Армения, Қазақстан, Беларусия мен Қырғызстанның премьер-министрлеріне берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

ЕЭК сауда бойынша министрі Вероника Никишинаның айтуынша, бұл мәселе ЕАЭО-ның Үкіметаралық кеңесінде талқыланды. Пікірталасқа ресей тарапы бастамашы болды.

«Әзірге біз нақты шаралар туралы айтып жатқан жоқпыз, тек Одақтың осындай құралы болуы мүмкін екендігі туралы айтып жатырмыз. (…) Қатысушылардың бірінің экономикалық мүддесіне қысым келтірілген жағдайда ұжымдық шаралар жүйесін енгізу мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Шешімін таппай отырған мәселелер көптеп жиналып қалды. Бұл Одақты жауап беруге итермелеуде. Әзірге біз зерттеп жатырмыз», - деді ол.

Никишина толықтырып кеткендей, ЕАЭО елдерінің әрқайсысында заңсыз қысым көрсетіліп жатқан жағдайлар бар.

ЕЭК түсіндіріп кеткендей, бірінші кезекте ЕАЭО мүше-елдерінің бірінің экономикалық мүддесіне қысым келтірілген жағдайда үшінші мемлекеттің тауарына баж салығын көтеру мүмкіндігі қарастырылуда. Мысалы, АҚШ ресейлік тауарлардың баж салығын көтерді, Ресейде өз кезегінде АҚШ таураларының бас салығын көтеріп жауап қайтарды. Алайда бұл тек Ресейдің аумағында жұмыс істейтін заң. Яғни, АҚШ-тың тауары Ресей нарығына өзге одақтас елдер арқылы төмен баж салығымен келіп түсуде.

Сарапшылардың пайымдауынша, ЕАЭО аясында жауапты шаралар енгізу ұзақ әрі қиын болады. Атап айтқанда, америкалық таураларға баж салығын енгізу ЕАЭО елдерінің барлығымен келісуді талап етеді. Осы ретте Қазақстан және Беларусиямен ортақ келісімге келу оңайға соқпайды. Келіссөздердің қиындығы ЕАЭО елдерінің өзге мемлекеттерінің жеке мүддесіне қатысты болмақ, деп есептейді сарапшылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер