BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

ЕАЭО кедендік баждарын бөлуге қатысты заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасының негізгі мақсаты ЕАЭО мемлекеттерінің баждарды бөлудегі бірдей тәсілін қамтамасыз ету және мүше елдер үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау болып табылады. Хаттаманы ратификациялау бірдей тәсілді және ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сенаттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер