BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ЕАЭО Еуразиядағы экономикалық байланысты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда — Татьяна Валовая

ЕАЭО Еуразиядағы экономикалық байланыстылықтың және тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне өз үлесін қосуда. Мұндай пікірді Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі Татьяна Валовая айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«ЕАЭО Еуразиядағы экономикалық байланыстылықтың және тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне өз үлесін қосып жатыр», – деген сенімде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая.

Министрдің пікірінше, Одақтың осы саладағы әлеуеті мол және де БҰҰ жүйелерінің құрылымын қоса санағанда, негізгі деген халықаралық ұйымдармен жоғары бағаланып отыр. Бұл туралы 8 желтоқсанда Вена қаласында өткізілген Еуропадағы Қауіпсіздік және ықпалдастық жөніндегі Ұйым (ЕҚЫҰ) елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) 24-ші отырысының шеңберінде өткізілген Үлкен Еуропа өңіріндегі және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық байланыстылық, сауда-экономикалық қарым-қатынастар» атты арнаулы сарапшылық пікірталасында қатысқан Татьяна Валовая мәлімдеді.

«Бүгінде өңірлік экономикалық интеграция мемлекеттердің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың драйвері болып отыр, ол экономиканың дамуындағы диспропорцияның теңдесуіне, макроэкономикалық көрсеткіштердің анағұрлым конвергенциялануына, түптеп келгенде халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруына мүмкіндік туғызады», – деп мәлімдеді Татьяна Валовая.

Сонымен бірге, министр өзінің баяндамасында ЕАЭО өңірінде БҰҰ тұрақты дамуының мақсаттарына қол жеткізілгені туралы баяндаманы дайындау кезінде ЕЭК атқарған талдамалық жұмыстың кейбір нәтижелерін келтірді. Бұл құжат өңірлік экономикалық бірлестіктің атынан әзірленген алғашқысы болып отыр. Оның презентациясы 2017 жылғы шілдесінде БҰҰ-да өткізілді.

ЕЭК Министрі ЕАЭО мүше мемлекеттердің интеграциялық эффектісінің арқасында көбінесе 2017 жылы экономика өсімінің жағымды динамикасына шығуға қол жеткізілгенін басып айтты. Бұрын, 2014-2016 жылдары, күрделі сыртқы экономикалық конъюнктураға қарамастан, Одақтың шеңберінде еуразиялық экономикалық кеңістіктің дамуы негізгі әлеуметтік-экономикалық және макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша соншалықты елеулі кері қайтуларға жол бермеуге мүмкіндік берді. Айта кететіні, ЕАЭО форматындағы ынтымақтастықты тереңдетуден болған жағымды нәтижелер көп дәрежеде ЕАЭО бойынша басқа әріптестерін бірқатар көрсеткіштерімен елеулі түрде басып озған, Одақтың жаңа мүшелері – Армения мен Қырғызстанда байқалды.

Пікірталастың барысында Татьяна Валовая сонымен бірге бір немесе екінші бір бірлестіктің интеграциялық процестерін тереңдету ғана емес, сонымен бірге көп дәрежеде өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен Еуразияның жекелеген елдерінің арасындағы диалог та экономикалық ынтымақтастық пен байланыстылықтың нығая түсуіне септігін тигізген болар еді, - деп назар аудартты. Министр өзара жұмыс істеудің әлеуеті толық көлемде ашылмағандығына сенімді.

«Бүгінгі біздің экономикалық байланыстылық жайлы дискуссиямыз ЕҚЫҰ СІМК алаңында өткізіліп жатқандығы қуантады. ЕҚЫҰ бірегей сипатын және де экономикалық өлшемнің қолда бар әлеуетін ескер отырып, ұйымның алаңы интеграциялардың арасындағы диалогты ілгерілетудің және дамытудың сәтті орны бола алады», – деп мәлімдеді ЕЭК министрі конференцияның қорытындысы бойынша.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер