BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

ЕАЭО елдері Қазақстанға инвестиция көлемін 43% арттырды

Қазақстанға одақ елдерінен келіп жатқан жалпы инвестиция ағымы 1,3 млрд долларды құрады. Басты инвестор – Ресей федерациясы, ол 1,2 млрд доллар инвестициялаған. Осы ретте, Ресей екі жыл қатарынан қазақстандық экономикаға инвестициялау көлемін арттырып келеді деуге болады. Осындай мәліметтерді finprom.kz келтіріп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға жалпы инвестиция ағымы бойынша екінші орынға одақ елдерінің ішінен 2017 жылы Беларусь табан тіреді, оның инвестициясы 81,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 28%-ға жоғары.

Қазақстанға жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағымындағы ЕАЭО елдері инвестицияларының салыстырмалы салмағы 4,4-тен 6,3%-ға дейін артты.

Өз кезегінде, Қазақстан ЕАЭО елдеріне 2017 жылы 435 млн доллар инвестициялады. Бұл Қазақстанның жалпы инвестициялау ағымының 23% құрады.

Одақ елдерінің ішінен қазақстандық инвесторлар Ресей Федерациясына басымдық беріп, 374 млн долларды инвестициялады, бұл жалпы инвестиция ағымының 86% көрсетті. ЕАЭО елдеріне қазақстандық инвестициялардың көлемі бойынша Қырғызстан екінші орында, 50 млн доллар (11,5%) инвестицияланған.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Қазақстан тамыз айында ұлттық инвестициялық стратегияны іске қосты. Жаңа инвестициялық көзқарас инвестиция көлемін арттыруға және әртараптандыруға бағытталған.

Ағымдағы жылдың төрт айында Қазақстан жедел мәлімметер бойынша, инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттыра білген. Доллармен есептегенде негізгі капиталға сыртқы инвестиция көлемі 2,5 млрд доллардан асып жығылды. Осыдан бір жыл бұрын дәл осындай кезеңде 1,6 млрд доллар тартылған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер