USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Дәрі-дәрмектің бағасы төмендетіледі

Бірыңғай дистрибьютор өз қызметтеріне үстеме бағаны қайта төмендету туралы шешім қабылдады. ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясы 2017 жылға «СҚ-Фармация» ЖШС-ның үстеме бағасының мөлшерін 7% көлемінде мақұлдады. Бұл туралы mzsr.gov.kz жазды.

Соңғы жылдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі - ТМККК) медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды жеткізуде Бірыңғай дистрибьютердің үстеме бағасының төмендеуінің оң қарқынын атап өту керек. Мәселен, 2009-2010 жылдары үстеме баға 15%, 2011-2014 жылдары – 10%, 2015 жылы – 9,5% құрады, ал 2016 жылы 8,5% - дан 8% - ға дейін төмендеді.
«СК-Фармация» ЖШС үстеме бағасының мөлшерін төмендету дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға медициналық ұйымдардың шығындарын қысқартуға және тиісінше мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютер өз қызметі үшін үстеме бағаның есебінен алынатын қаражат әлеуметтік маңызы бар ауруларды (ЖИТС, онкология, туберкулез) емдеу үшін өз есебінен дәрі-дәрмектердің төмендемейтін қорын қалыптастыру бойынша оның міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Бұл дәрілік заттардың қосымша көлемін ұсыну шұғыл қажеттілік болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

kyzylorda-news.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады