BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жамбылгипс: «БЖК – 2020» бағдарламасы мерзімінің ұзартылуы кәсіпкерлерді қуантты

Фото: ашық дереккөзден

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мерзімінің 5 жылға ұзартылуы кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық болды. Бұл жөнінде «Жамбылгипс» АҚ техникалық директоры Болат Таласбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің акционерлік қоғам 2017 жылы құрғақ құрылыс қоспаларын дайындайтын заманауи зауытты іске қосты. Бұл компанияның «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысуының арқасында мүмкін болды. Аталған бағдарлама өз тиімділігін іс жүзінде көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағдарламаны 2025 жылға дейін созуы туралы шешімін біздер, кәсіпкерлер толықтай қолдаймыз. Бұл бізді қуантты. Себебі, бағдарлама жаңа өндірістер құруды, бизнесті дамытудың тұрақты көдерін қалыптастыруды, жеке инвестицияларды ынталандыруды одан әрі жалғастыра бермек. Сәйкесінше, жаңа жұмыс орындары құрылады, қазақстандықтарды тұрақты табыспен қамтамасыз етеді», - деді кәсіпорын өкілі.

Болат Таласбаев Елбасының салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастап, шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жариялауы өте маңызды бастама екенін және бұл бизнеске жұмысты жаңадан бастауына мүмкіндік беретінін айтты.

«Президенттің бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігі туралы бастама ең маңызды мәлелердің бірі деп санаймын. Елбасы атап өткендей, қазір үкімет әрбір кәсіпорынмен жеке-жеке жұмыс жасап, оған жан-жақты қолдау көрсетуі керек. Қазіргі жағдайда экономиканы, соның ішінде, өңдеуші сектор мен шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытудың маңызы зор. Себебі, қазір елдегі кәсіпорындар мен бизнестің басым бөлігі несие алып қойған, олардың жұмыс жасауы біршама қиын. Осы тұста бізге үкіметтің көмегінсіз істі ілгерілету күрделі болып отыр. Тағы қайталасам, бұл орайда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының рөлі үлкен. Мемлекет басшысының барлық бастамаларын тиімді жүзеге асыру елдегі бизнесті дамытуға серпін беріп, жалақыны қсіру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қазақстандықтардың табысын арттырады», - деді кәсіпкер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер