Заңды сақтайтын, салық төлейтін адал кәсіпкерлерді қолдаймыз — Тимур Құлыбаев - Бизнес|16 Сәуір 2018, 13:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Заңды сақтайтын, салық төлейтін адал кәсіпкерлерді қолдаймыз — Тимур Құлыбаев

Елімізде санитарлық ережелер мен нормалардың, өрт қауіпсіздігі мен басқа да жағдайлардың сақталмауына байланысты жағдайлардан соң кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру керек. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Атамекен» ҰКП салық төлейтін, заңды сақтайтын адал кәсіпкерлерді қолдаймыз. Сонымен бірге өзін-өзі реттеу институтын дамытуымыз керек. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы заң қабылданған. Тұтынушылардың құқығын қорғау қазір дамып келеді. «Атамекен» палатасы адал кәсіпкерлерді қолдаумен бірге тұтынушылардың құқықын қорғау ұйымдарын құру және дамыту жұмыстарын жүргізеді. Себебі санитарлық ережелер мен нормалардың сақталмауы, адамдардың улануы, өрт қауіпсіздігі, лифт шаруашылығы, автобустың өртенуі секілді резонанс тудыратын оқиғалар болып жатқанда мұндай мәселелер және де қазір әлеуметтік желінің дамуымен кез келген апат, кез келген оқиға қоғамның бейнесі болғандықтан біз мұны белсенді түрде талқыға саламыз. Қаржылық, сақтандыру бойынша, санитарлық ережелер мен нормалар, өрт қауіпсіздігіне қатысты өңірлердегі жағдай, жалпы азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты барлық мәселеге мұқият қарауымыз керек және кәсіпкерлердің жауапкершілігін, әсіресе қаржылық жауапкершілігін арттыруымыз керек», - деді Тимур Құлыбаев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер