BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Үш үздік бизнес-инкубатор 35 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдауға ие болады

Фото: ашық дереккөзден

Бизнес-инкубациялау жүйесін дамыту бағдарламасымен ең мықты үш бизнес-инкубатор 50%-ға дейін мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Шыңғыс Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2018 жылдың 14 маусымынан бастап 3 шілдесіне дейін бизнес-инкубаторларды іріктеуге арналған байқауға қатысу өтінімдері қабылданады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде іске асырылатын бағдарлама кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерден алынатын кредиттерді субсидиялау, кепілдік жоқ кезінде кепілдендіру құралдарын іске асырып жатыр. Мемлекет бизнес-жобаларын жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан арнайы грант беруді көздеп отыр. Жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу іске асырылады. Осы құралдардың шеңберінде жаңа форматта бизнес жобаларды іске асыру және оларды қаржыландыру мақсатында осы бағдарлама жүзеге асырылады», - деді Ахметов.

Оның айтуынша үш ең мықты жеке коммерциялық бизнес-инкубаторға олардың шығындарын мемлекет тарапынан жабу, әр бизнес-инкубаторды жылына 35 миллионға дейін мемлекет тарапынан қаржыландыру, бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді, бизнес-процесті құру үшін 50 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру көзделіп отыр.

Гранттарды алу үшін әрбір кәсіпкер жобасын бизнес-инкубатор ішінде дайындап, арнайы жергілікті атқарушы органдардың жанындағы конкурстық комиссиядан өтуі қажет. Сондай-ақ, конкурсқа қатысатын жеке бизнес-инкубаторларға бірнеше талаптар қойылады.

«Біріншіден, ЖОО-мен серіктестік қарым-қатынаста болуы тиіс; екіншіден, бизнес-жобаны инкубациялай алатын, жоғары білімі бар кем дегенде 5 адамнан тұратын білікті қызметкерлердің болуы; үшіншіден, қажетті инфрақұрылым, яғни кемінде 250 шаршы метр көлемінде үй-жайдың болуы; төртіншіден, қаржылық жағдайына қойылатын талап бойынша бізге келетін бизнес-инкубаторлар мемлекет көмегінсіз кемінде 6 ай жұмыс істей алатын мүмкіндігі болуы тиіс», - деді ол.

Мұндай жоғары талаптар мықты бизнес-инкубаторларды дайындап шығару үшін қойылып отыр.

Айта кетсек, бизнес инкубатор - өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық, консталтингті және ақпараттық қызметтерді көрсету арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыру кезінде қолдау көрсету үшін құрылған заңды тұлға.

Бағдарламаның мақсаты – бизнес-инкубаторлардың біліктілігін күшейтіп, ірі технологиялық компанияларға айнала алатын, сапалы стартаптардың көбеюуі үшін жағдай жасау.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер