BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Сот мемлекет пен бизнес арасындағы дауды әдiл шешуi тиiс – Қайрат Мәми

Бүгiн елордада бизнестi сотта қорғау мәселелерiне арналған форум өтiп, шара барысында ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» ҰКП осы салада бiрлескен жол картасын бекiттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Қайрат Мәми өз сөзiнде мемлекет пен бизнес арасындағы дау-дамайлар бойынша қандай көзқарас қалыптасқанын білетінін айтты.

«Шыны керек, мемлекетпен соттасқан кәсiпкерлер судьялардың бүйрегі мемлекетке бұрып тұрады деп ойлайды. Ал мемлекеттік органдар «бизнес тәртіп бұзады» деп байбалам салады. Одан xалыққа келетін қауіп-қатерлер де жоқ емес. Сондықтан, айтарым, сот бұндай дауларды жан-жақты қарап, әділ шешім шығаруы тиіс», - дедi Жоғарғы сот төрағасы.

Атап өтсек, ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнесті сотта қорғауға қатысты негізгі мәселелерді зерделеп шықпақ. Осы мақсатта Жол картасын да бекiттi. Мәселен, тараптар бизнестің құқықтық мәдениетін көтеру, дау-дамайларды сотқа дейін шешу және тағы басқа шараларды қарастырмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер