BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодар облысында жыл соңына дейін бизнесті қолдауға 1 млрд теңге бөлінбек

Фото: автор

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржылық қолдау ретінде жыл соңына дейін шамамен 1 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы сала мамандары хабарлады.

Қазіргі таңда Павлодар облысында 43 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Кәсіпорындарда 130 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы мемлекеттік қолдаудың құралдарын қолдана алады.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының директоры Арыстан Кенжалиновтың хабарлауынша, бүгінде елімізде қордың қолдауымен күн сайын 35 жаңа кәсіпорын ашылады.

«Шағын және орта бизнеске нақты қолдау бар. Жыл соңына дейін жергілікті кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Оларға кешенді көмек көрсетеміз, яғни құжат рәсімдеу және несие алу бойынша тегін кеңестер береміз. Мемлекеттік қолдау құралдарының қатарында шағын кредит беру, субсидиялау сияқты шаралар бар. Бас-аяғы 200-ден астам жоба қолдау көреді деп жоспарланған», - дейді Арыстан Кенжалинов.

Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының маманы Медет Шоқановтың мәліметінше, үстіміздегі жылы Елбасы Жолдауында айталған тапсырманы орындау мақсатында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу мерзімі ұзарды.

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша 353 жоба қолдау тапты. Жаппай кәсіпкерлік және нәтижелі екбекпен қамту бағдарламасы шеңберінде 406 шағын несие берілді. Оған 1,9 млрд теңге бөлінді», - дейді ол.

Мамандардың айтуынша, несие үлестіруде экспорттық әлеуеті бар кәсіпкерлерге басымдық берілген.

Айта кетейік, өңірде шағын және орта бизнес өкілдері Мемлекет басшысының жұмыскерлердің жалақысын ұлғайту бастамасын қолдады. Жеңіл өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, металлургия және өзге салаларда еңбек ететін 130 мыңнан астам жұмыскердің айлығы өсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер