Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданында 6 инвестициялық жоба жүзеге асады - Бизнес|17 Сәуір 2018, 09:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданында 6 инвестициялық жоба жүзеге асады

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы 6 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өнеркәсіп өнім көлемін 39,3 млрд теңгеге жеткізіп, өсімді 8 пайызға жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің үлесі облыс бойынша 4,2 пайыз көлемінде. «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» ауданнан 13 жоба енген. Олардың жалпы құны - 7,3 млрд теңгені құрайды. 2018 жылы бағдарлама аясында «Конус и К», «Бірлік» ЖШС, «Көктал Групп», «Элит Стори M&A» сынды 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 25 мыңнан астам субьект жұмыс істейді.

«Шағын және орта кәсіпкерлікте өндірілген өнім көлемі өткен жылы 84,2 млрд теңгеге жетіп, өсім 4,5 пайызды құрады. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 7,2 млрд теңге көлемінде 17 жоба қолдау тапқан», - деді Бақтияр Сапарәліұлы.

Бұдан бөлек, аудандағы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі өткен жылы 58,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 3,6 пайызды құраған. Салынған жылыжайлар көлемі 8,1 гектарға ұлғайған. Сондай-ақ, 887 мал бордақылау алаңдарында бір мезетте 31 мың бас мал бордақылануда. Нәтижесінде, мал шаруашылығында 32,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға артқан.

«Даму» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін өнім көлемін 58,8 млрд теңгеден 64 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемін 59,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген», - деді Бақтияр Сапарәліұлы.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды үйлестіру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында өткен жылы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың жылдық жоспары 189 пайызға, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту 132 пайызға артығымен орындалған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, инфрақұрылым бойынша аудандағы 42 елді мекеннің 36-сында 24 сағат бойы ауыз су берілсе, 5 елді мекенде кестемен, біреуі тасымал суын пайдаланады. 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысымен аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,2 пайызға жеткен. Балабақшамен қамту деңгейін жоғарылату мақсатында 3 нысанның құрылыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер